spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
11.7 C
Kokshetau

Еркебұлан Баяхметов: Жаңадан салынатын зауыттарға жақын орналасқан тұрғындар көшіріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

 Степногорск қаласының әлеуметтік экономикалық дамуының 10 айының қорытындысына арналған брифингте қала әкімі Еркебұлан Баяхметов өңірдегі зауыттардан туындайтын экологиялық ахуалға тоқталды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Барлығымыз білетіндей, Степногорск қаласы Ақмола облысының индустриалды орталығы болып саналады. Облыс көлімінде өндірілетін өнімнің 5/1 бөлігі осы аймаққа тиесілі.  Өңірдегі ірілі-ұсақты 72 кәсіпорынның Қазақстан экономикасы үшін маңызы зор екендігі белгілі.

Бірақ бұл кәсіпорындардан шығатын түтін мен зиянды қалдықтар тұрғындардың денсаулығына зиян келтіретіндігі мәлім. Мұны қала басшысы да жоққа шығармайды.

Қала әкімдігі «ЭКО-ЛЮКС» компаниясы мен экология министрлігі және РОП операторымен өзара меморондумға қол қойған. Бұл келісімде келесі жылдың наурыз айына дейін қалдықтарды сақтайтын орынды белгілеу қарастырылған. Зиянды қалдықтармен эколог мамандар жұмыс істейді. «Қазақалтын» акционерлік қоғамы тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қаражат бөледі. ҚР экологиялық кодексіне сәйкес, әрбір кәсіпорын қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін жоюға қатысты шараларды жүргізіп отырады,-дейді аймақ басшысы.

Қала басшысы желтоқсан айында «Промзащита» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолданылған аккумулятор батереяларын қайта өңдеп, қорғасын алатын зауытты іске қосатынын жеткізді. Онда жаңадан 80 жұмыс орны құрылмақ.

Бұдан бөлек, осы жылы «Аксу Technology» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақсу кентінде ірі фабриканың құрылысын бастады. Мұнда жылына 5 миллион тонна құрамында алтыны бар кен рудалары өңделмек. Ал бұл фабрикада жаңадан 600 жұмыс орны құрылмақ.

Қазіргі уақытта санитарлық аймақта, кен орындарына жақын орналасқан 105 үйді көшіруге байланысты келіссөздер жүргізілуде. Қала әкімдігіне бұл туралы өтініштер мен арыз-шағымдар келіп түсуде. «Қазақалтын» бұл мәселеге қатысты жоба әзірлеп, тұрғындармен ашық пікірлесіп, олардың үйлерін сатып алып немесе басқа жерден жаңадан үй сатып алып, қоныстандыруға қатысты келісімдер жүргізілуде. Екі тарап та бір мәмілеге келеді деп ойлаймын,-деді Еркебұлан Баяхметов.

Сөз арасында қала басшысы экология министрлігінің тексерісі кезінде өңірдегі кәсіпорындардың бірінің санитарлық талаптарды сақтамай, аса көп мөлшерде тұрғындар денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмысы тоқтатылғандығын айтып өтті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img