spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Көкшетаулық оқушы ЮНЕСКО байқауынан жеңімпаз атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы халықаралық сурет байқауда бас жүлдеге ие болды. ЮНЕСКО халықаралық беделді ұйым ұйымдастырған  оқушылар байқауында жеңімпаз атанған Айнар Ғабдолла 2000 АҚШ долларына ие болды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Өзінің тырнақалды туындысын «Mitsubishi Asian Children’s Enikki Festa»  суреттер байқауына ұсынған Айнардың жұмысын ұйымдастырушылар өте жоғары бағалаған.

Айнардың ұстазы әрі жетекшісі Алтын Сүлейменованың айтуынша байқауға 5 беттен тұратын күнделік әзірленген.

«Өз жұмысымызда біз Айнардың немен айналсатынын көрсеттік. Кей жерлерде ұлттық нақышта жасалған киімдерді, заттарды қолдануға тырыстық. Айнар талапты қыз. Соның арқасында әр жұмысы ерекше, әдемі болып шықты»,-дейді Алтын Жанатайқызы.

Байқауды ЮНЕСКО Ұйымының Жапон Ұлттық Федерациясы мен ЮНЕСКО Ұйымы және Клубтарының Азия-Тынықмұхиты Федерациясы ұйымдастырған. Алматы қаласында өткен салтанатты марапаттау рәсімінде ұйымдастырушылар жеңімпаздарды құттықтап, сыйлықтарын тарту етті.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img