spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
6.8 C
Kokshetau

COVID-19: Бурабай ауданында 88 науқас станционарда емделуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Пандемия басталғалы бері Бурабай ауданында COVID-19 жұқтырған 323 науқас тіркелді. Оның ішінде 114 ауру белгілері расталған,179 науқас симптомды тасымалдаушылар ретінде тіркелді. Аудан бойынша барлығы 51 адам қайтыс болса, оның 12-сі коронавирустан,39-ы вирусты пневмониядан көз жұмды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы аудан әкімі Әсет Мұздыбаев журналистермен кездесу кезінде айтып өтті.

Жалпы өңірде бүгінде эпидахуал нашарлай түскен.

       Биылғы жылдың қазан айынан бастап Бурабай ауданының аумағында халық арасында коронавирустық инфекциямен аурушаңдық тұрғысынан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы байқалды. Аудан көлемінде  3 қазаннан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар тіркеле бастады.  Қараша айының алғашқы онкүндігінде 29 адамнан ауру белгілері зертханада расталды,-дейді Бурабай ауданының әкімі.

Аймақ басшысы бүгінде коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау үшін бірқатар күшейтілген шаралар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары да күнделікті жүргізілуде.

Бурабай ауданының аумағында 2 жұқпалы аурулар стационары жұмыс істеп жатыр: 100 орын  «Көкше» ОСО базасында, 63 науқас 10 қарашадан бастап  стационарда емделуде, оның 53 науқасы «Семізбай» кенішінің жұмысшылары және 58 орындық «Бурабай» БОСО базасында,онда 25 науқас емделуде,-деді аудан әкімі  кездесу барысында.

     Ауруды тіркеу басталғаннан бері 348 коронавирустық инфекция ошақтарында эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылған.

 Ауданның мониторингтік топтары күн сайын ҚР және Ақмола облысының  бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес сауда объектілеріне, қоғамдық тамақтану орындарына, коммуналдық шаруашылық объектілеріне (монша, сауна және т.б.), дәріханаларға, туристік нысандарға күн сайын рейдтік тексерулер жүргізеді,-деді Әсет Мұздыбаев.

2020 жылдың 10 айының ішінде Басқарма мамандарымен тексеріс кезінде жалпы сомасы 13 млн 169 мың 225 теңгені құрайтын 80 әкімшілік айыппұл салынған. Оның ішінде 5 833 800 теңгеге  шектеу және карантиндік шаралар режимін бұзғаны үшін – 67 әкімшілік айыппұлдар.

Бурабай аудандық полиция бөлімінен жолданған әкімшілік материалдары негізінде барлығы 3 926 200 теңге көлемінде 36 әкімшілік айыппұл салынды,-деді аудан әкімі.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img