spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
7 C
Kokshetau

TengriBank-тың бұрынғы басшылары 5,4 млрд теңге ұрлаған деген күдікке ілінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаржы монитонирг комитеті Экономикалық тергеу қызметінің жетекшілігімен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы «TengriBank» АҚ бұрынғы топ-менеджментіне қатысты жалпы сомасы 5,4 млрд теңгеден астам ақша қаражаттарын ұрлау фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды «Aqmola News» Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 қарашада Алматы қаласының тергеу соты Б.А.Ильясовқа, А.У.Жадықовқа, Н.М.Жылқыбаеваға қатысты 2 айға дейін қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын санкциялады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа ақпараттар тергеу мүдделері үшін жария етілмеді», – делінген комитет хабарламасында.

Бахтияр Әбдінұрұлы Ильясов – банк төрағасының бұрынғы орынбасары;

Әсет Өрісбайұлы Жадықов – банктің Алматы қалалық филиалы басшысының орынбасары;

Назгүл Маманшалқызы Жылқыбаева – банк қызметкерлері бақылауындағы мекеме басшысы (жалған құжаттар арқылы 3 млн АҚШ доллары көлемінде қайтарымсыз несие алған).

Еске сала кетейік, 10 қарашада Қаржы министрлігі TengriBank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен TengriBank-тің Алматыдағы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықовтың ұсталғанын растады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img