spot_img
Бейсенбі, Қыркүйек 17, 2026
22.2 C
Kokshetau

13 қараша күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

13 қараша күні еліміздің солтүстік өңірлерінде жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Жаңбыр немесе қар жауады, еліміздің шығысы пен оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің екпіні 23-28 м/с болуы мүмкін.

Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Жамбыл облысында көктайғақ болуы ықтимал.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Адамның цифрлық ізі: желіге әрбір кірген сайын не қалады

Көптеген адамдар күнін таңғы астан емес, смартфоннан бастайды. Келген хабарларды, пошта мен әлеуметтік желілерді тексеру, картадағы балансты қарау, сатып...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика