spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

Кітапхана карантин кезінде кітапты үйіңізге дейін жеткізетін жобаны қолға алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Карантин шаралары басталғалы облыс кітапханалары жаңа форматта жұмыс істеуде,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ақпараты бойынша облыста бірнеше жыл бойы кітапхана жүйесін дәйекті жаңғырту жүргізілуде. Бүгінгі таңда 289 кітапхана компьютерлермен жабдықталған. 70 модельді кітапхана жұмыс істейді, оның ішінде ауылдық жерлерде – 47, бұл республика бойынша жоғары көрсеткіштердің бірі. 23 коворкинг-орталық жұмыс істейді.

«М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы үлкен жұмыс атқарды. Кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетудің жаңа форматын – «Живая книга», «Абай және мен»библиостудиясын белсенді дамытқан. Онлайн-жоба: электронды CD-дискілер, «Менің туған өлкем», сияқты жобалар қолға алынған, – дейді мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Бекназарова.
Сонымен қатар, облыстық кітапхана егде жастағы адамдарға арналған «Желі 60 +» акциясын іске қосты. Оның аясында оқырмандаркітапты үйден шықпай-ақ алу мүмкіндігіне ие. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, оқырмандарға барлығы 468 басылым жеткізілді.
2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша оқырмандардың жалпы саны 210 мыңнан асты, шамамен 2 млн.750 мың кітап берілді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img