spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
5.2 C
Kokshetau

Ақкөл аудандық кітапханасында «Абай орталығы» ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола өңірінде Абайдың 175 жылдығына орайластырып түрлі іс-шаралар, жобалар іске асырылуда. Жақында Ақкөл ауданында аудандық кітапханада «Абай орталығы» ашылды,-деп хабарлайды «Aqmola News»

Кітапхана базасында ашылған орталыққа аудан бюджетінен қаражат бөлінген. Қазақтың бас ақынының құрметіне ашылған орталыққа оның шығармалары қойылып, Абай залы әсемделді.

Біздің кітапхана барлық заманауи талаптарға  және оқырманның сұранысын қанағаттандырарлық қызметке сай. Енді міне кітапханамыздың төрінен қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевқа арнлаған орталық ашылып, мекеме базасы толығуда. Орталықтың жұмысы нәтижесінде мұнда келген оқырмандарымызға Ұлы ойшылдың әлемімен тереңірек танысуға мүмкіндік болады,-деп ойлаймын дейді кітапхана директоры Нүргүл Әлишева.

Бұдан бөлек, аудандық кітапханада 2007 жылдан бері Кеңес одағының батыры, Халық  қаһарманы ҚР бірінші  қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағанбетовтың мұражайы жұмыс істейді.

2018  жылы «Рухани жаңғыру» аудандық кеңсесі шеңберінде кофиркинг орталығы ашылған.

Ескере кететін бір жайт, бұл орталық Ақмола облысындағы Абайға арналған үшінші әдеби орталық.

«Осы күннен бастап әдеби орталықтың есігі ұлы Абайды сүйіп, құрметтейтін әрбір адам үшін әрдайым ашық»-дейді кітапхана қызметкерлері.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img