spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
8.7 C
Kokshetau

8 қараша күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

8 қараша күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады, оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жаңбыр күтіледі. Республиканың кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте жаяу бұрқасын көтеріледі. Тек еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде жел екпіні – 25 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 23-28 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы – 23-28 м/с. Маңғыстау, Павлодар, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің қарқыны – 15-20 м/с.

Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде түнде тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күші 25 м/с жетеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img