spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
11.1 C
Kokshetau

Көкшетауда медициналық мекемелер мен полиция және құтқару қызметіне жаңа көліктер берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Абылайхан алаңында  Ақмола облысы медициналық мекемелері мен полиция және құтқару қызметіне көліктердің кілттерін табыстау шарасы өтті. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев медициналық мекемелерге 8 жылжымалы медициналық кешен, 38 жедел жәрдем көлігін, 5 өрт сөндіру  және 22 патрульді автокөліктерін салтанатты жағдайда табыстады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Сонымен қатар коронавирус инфекциясымен күресуге елеулі үлес қосқан 17 медицина қызметкерлері мен қоғамдық тәртіпті қадағалау және құтқару саласының қызметкерлерін «Халық алғысы» медалімен марапаттады.

Біздің басты міндетіміз – коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу. Осы мақсатта заманауи құрылғылармен жабдықталған медициналық мекеме салынып, материалдық-техникалық база жаңғыртылуда. Бүкіл әлемді жайлаған індетпен күресуде медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшыларының қосып жатқан үлесі зор. Отанымыздың мүддесіне деген адалдықтарыңыз үшін тағы да шынайы ризашылығымды білдіремін.  Сіздер өз денсаулықтарыңызды тəуекелге тігіп, қауіпті індеттің жайылуын тежеу үшін қолдан келгенді аяп жатқан жоқсыздар. Өңір тұрғындарының денсаулығы мен ақмолалықтардың тыныштығын күзету ісінде сіздердің еңбектеріңіз зор!-деді аймақ басшысы.

Жылжымалы медициналық кешендер шалғайдағы ауыл тұрғындарының денсаулығын қадағалауға таптырмайтын мүмкіндік болып отыр. Аршалы ауданының аудандық ауруханасының бас дәрігері Альбина  Никалаевнаның айтуынша,  медициналық кешенде науқасты толық тексерістен өткізетін заманауи құрылғылар орнатылған.

Жылжымалы медициналық кешенде науқасты қабылдау кабинеті, УДЗ кабинеті, зертхана, акулист, хирургия және акушер-генеколог кабинеттері бар. Дәрі-дәрмек сақтайтын тоңазытқыш пен науқасқа арналған арнайы орындар бар. Яғни, өздеріңіз көріп отырғандай кәдімгі емханалардағы көрсетілеттің қызметтердің барлық түрі бар. Осындай ғажайыпқа қол жеткізуге мүмкіндік туғызған облыс әкімдігіне алғыс айтамыз,-дейді Альбина Никалаевна.

Ауданға биылғы жылы облыс әкімінің қолдауымен 8 өкпені жасанды желдету аппараттары мен 24 оттегі концентраты, 2 монитор және басқа да медициналық құрылғылар жеткізілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img