spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.2 C
Kokshetau

Ақмола облысы 2 млн тоннадан астам астық экспорттады

Сондай-ақ...оқыңыз

Еліміздегі астықтың үштен бірін өндіретін Ақмола облысында өндіріспен бірге, экспорт көлемі артып келеді. Соңғы жылдары облыста астық экспортының көлемі 80 пайызға артқан.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Ақмола облысы еліміздегі аграрлы өңір саналады. Республикадағы астықтың үштен бірі Ақмола облысында өндіріледі. Жыл сайын 2-2,5 миллион тонна астық экспортқа шығарылады. Ақмолалық астық негізінен Ресей, Қытай, Орта Азия, Еуропа, Таяу Шығыс елдерінің нарығына шығарылады.

«Бүгінгі таңда облыстағы элеваторларда 2 миллион тоннадан астам астық сақталған. Облыста егін орағы ойдағыдай аяқталып, әр гектардан 11,8 центерден астық алғанда барлығы 5,2 миллион тонна астық жиналды. Алынған астықтың 90 пайызы 3-класты», – дейді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Медет Досжанов.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамы облыстық филиалының мәліметінше, өңірлерден астықты вагондарға тиеп, жедел жөнелту бойынша тұрақты бақылау шаралары жүргізілуде.

Биыл өңірдің астық қабылдау кәсіпорындарынан 2,1 миллион тонна астық және 165,2 мың тонна ұн экспортқа жөнелтілді.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика