spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
28.2 C
Kokshetau

Жарқайың ауданында «Игі істер эстафетасы – 2020» атты ерекше жоба жүзеге асуда

Сондай-ақ...оқыңыз
Жарқайың ауданының ауылдық округтары жыл басынан бері «Еріктілер жылы» аясында ерекше эстафетаны жалғастырып келеді. «Игі істер эстафетасы – 2020» деп аталған акция аясында қамқорлыққа мұқтаж адамдарға түрлі қайырымдылық көмек жасалады, деп хабарлайды «Aqmola News». 
Эстафетаның арнайы мүсіншесі бір ауылдық округтан екіншісіне табысталып отырады.
Елімізде «Еріктілер жылы» басталғалы бері ауданда «Игі істер эстафетасы -2020» шарасы жүзеге асырыла бастады. Эстафета шеңберінде ауылдарда сенбіліктер және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Шаңғы базасының аумағында, мәдени-демалыс орталығы және мектептер мен балабақшалардың айналасына 50 дана терек көшеттері отырғызылды. Мәселен Тасөткел ауылының волонтерлері мектеп ауласын абаттандырып, қоршауын толықтай жөндеу жүргізіп берді, – деді Жарқайың ауданы әкімдігінен.
Тасөткел ауылының волонтерлері эстафета мүсіншесін Пятигорск селолық округына табыстады. Аудан еріктілері эстафетаны одан әрі жалғастырып «Игі істер эстафетасы-2020» арқылы мұқтаж ауылдастарына көмек қолын созбақ ниетте.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика