spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
4.1 C
Kokshetau

«Үздік кәсіпкер» жобасына өтінім беру басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудағы жетістігі үшін» байқауына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды» Aqmola News «облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметінің беделін арттыру және ынталандыру үшін өңір кәсіпкерлерінің арасында үздіктерін анықтау бойынша байқау ұйымдастырылады.

«Биылғы жылы байқауға құжаттарды тапсыру қазанның 29-ы мен қарашаның 29-ы аралығына жоспарланып отыр. Байқауға қатысу үшін электронды пошта, пошта немесе өзінің құзырлы өкілі арқылы белгіленген формада БАҚ немесе кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының интернет-ресурстарында жарияланған байқау құжаттарын тапсыруға болады. Мерзімі өтіп кетсе, өтініш қабылданбайды. Байқау материалдарын арнайы құрылған комиссия қарап, жеңімпаздарды анықтайтын болады», – дейді ведомстводан.

Байқау жеңімпаздары «Үздік әйел кәсіпкер», «Үздік жас кәсіпкер», «Үздік инновациялық жоба» және «Үздік стартап» аталымы бойынша анықталады.

Өткен жылы байқауға 4 аталым бойынша 16 өтініш түсті. Оның қорытындысында Қорғалжын ауданындағы «ЗЕРЕ» ЖК, сондай-ақ «BIOTRONGROUP» ЖШС, «Михайлова Татьяна Владиславовна» ЖК және Степногор қаласындағы «Мастерская Дерева Два Бобра» ЖК жеңімпаз атанды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img