spot_img
Жексенбі, Сәуір 28, 2024
16.7 C
Kokshetau

Фильмдегі Қазақстан мен нақты елдің арасында еш байланыс жоқ – Саша Барон Коэн

Сондай-ақ...оқыңыз

Британдық комик Саша Барон Коэн «Борат» және «Борат-2» фильмінде неге Қазақстан атын пайдаланғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Фильмнің басты кейіпкері не үшін «Борат» фильміне Қазақстанды таңдап алғанын түсіндірді.

Сценарий авторы мен атышулы фильмнің басты кейіпкерінің түсініктемесін The New York Times жариялады.

«Бұл – комедия, фильмдегі Қазақстан мен нақты елдің арасында ешқандай байланыс жоқ. Қазақстанды АҚШ-та ешкім білмейтін болған соң таңдадым. Соның арқасында ерсі, комедиялық, жалған әлемді көрсете алдық. Нағыз Қазақстан – заманауи, абыройлы қоғамы бар, Бораттың нұсқасына қарама-қайшы тамаша ел», – деді Коэн редакцияға электронды пошта арқылы жолдаған хатында.

Жақында көпшілік Қазақстанның атына кір келтірді деп айыптаған «Борат» фильмінің жалғасы шықты. «Борат» комедиясының бірінші бөлімінде Америка жеріне барған Борат атты «қазақ журналисінің» басынан кешкені баяндалады.

Кинодағы басты кейіпкер –Борат Сағдиевтің рөлін сомдайтын ағылшын актері Саша Барон Коэн түскен «Борат» фильмінің алғашқы бөлімі 2006 жылы көрерменге жол тартса, «Борат-2» деген атаумен шыққан сиквелдің премьерасы 2020 жылдың 23 қазанында Amazon Prime сервисінде болды.

Фильмнің премьерасы болған күні Алматыда бір топ жас АҚШ-тың Бас консулдығының алдына жиналып, «Борат-2» деген атпен жарық көрген фильмнің әлемдік прокатқа шығуына қарсылық білдірді.

Қазақстан қоғамында көп талқыланған атышулы фильмге байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі түсінік беріп, адресаты жоқ болғандықтан наразылық нотасын жолдаудың мәні жоқ екенін мәлімдеді.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер Kazakh TV телеарнасына берген сұхбатында «Бұл – бар болғаны, кино. Көрермен киноға барады, көреді, сонымен бітті» деп пікір білдірді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img