spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Егіндікөл ауданында спорттық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған жобалар іске асырылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөл ауданында биылғы жылы спорттық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында аудандық бюджет қаражаты есебінен біршама қаржы бөлінді. Жалпы сомасы 61, 5 млн теңгеге осы жылы Егіндікөл ауылында орталық стадионына ағымдағы жөндеу жұмыстары, сонымен қатар аудандық мәдениет үйінің маңайындағы жерде дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда,-деп хабарлайды «Aqmola News» аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Стадионның ағымдағы жөндеуіне 30 млн.теңге жұмсалып, қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталды. Қарастырылған жұмыстарға келетін болсақ, нысанның трибуналары, кіреберісі, қоршауы, киім ауыстыратын бөлмелері, төрешілер кабинеттері толығымен жөнделді. Сонымен қатар, жүгіру жолына асфальт жабыны төселіп, футбол және воллейбол алаңдарында жаңадан жасанды көгалдар орнатылды. Баскетбол ойындарын өткізу үшін тартан жабыны төселген жаңа спорттық алаңы жасалынды.

Жазғытұрым спортпен айналысуға арналған спорттық нысандар болуымен, Егіндікөл ауылында жыл бойы шағын футбол, воллейбол, баскетбол және үлкен теннис ойындарын өткізетін арнайы спортзалдары болмауы, ауылда осы жылы әмбебап залы бар ангарлық үлгідегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу қолға алынды. Оған аудандық бюджет есебінен 26,5 млн.теңге жұмсалды. Қазіргі таңда нысандағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Жалпы айтқанда сыртқы және ішкі тент орнатылған. Аталған кешенге толығымен инженерлік-коммуникациялар жалғанған, киім ауыстыру, дәретхана және душ бөлмелері жөндеуден өтті. Нысанды жылыту жүйесіне қосу үшін, аудандық мәдениет үйінің қазандықты қайта жабдықтау жүргізілді.

Осы жылы Егіндікөл ауданының 50 жылдық мерейтойына орай, ангарлық типтегі спортзалдың құрылысына аудандық бюджеттен 31,2 млн.теңге бөлініп, ашық конкурс жарияланды. Конкурс қорытындысы бойынша 16 сәуір күні “Sports Equipment” жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 26,5 млн.теңге сомасында келісім шартқа қол қойылды.

Спортзал шағын футбол, волейбол, баскетбол және үлкен теннис ойнауға арналған универсалды залмен, сонымен қоса душ бөлмелері бар киім ауыстыратын 2 бөлмесімен жабдықталады. Спортзалдың ұзындығы 36 м, ені 18 м., биіктігі 11 м. Жалпы залдың ауданы 648 м2 құрайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img