spot_img
Жексенбі, Қараша 1, 2026
2.2 C
Kokshetau

Көкшетауда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

23 қазанда Ақмола және Қостанай облысының аумағында «КӨКШЕТАУ-АНТИТЕРРОР-2020» республикалық оқу-жаттығулары ұйымдастырылды. Шараға жергілікті атқарушы органдар, құқық қорғау және арнайы органдардың өкілдері қатысты, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Оқу-жаттығулар барысында жедел штабтардың терроризмен күресте ведомствоаралық өзара бірлесе әрекет ету дағдылары пысықталды.

Оқытудың негізгі элементтері республикалық жедел штабтың терроризмге қарсы өңірлік штабтардың әрекеттерін қашықтан үйлестіру, биологиялық қауіпті затарды террористік мақсатта қолдану қаупіне дереу үн қату, терроризмге қарсы шараларды өткізу орнына арнайы мақсаттағы бөлімдерді шұғыл жеткізу тетіктері қарастырылды.

«Өткізілген оқу-жаттығулар қатысушылардың террористерді залалсыздандыру және оларды іздеумен байланысты бірлескен тактикалық міндеттерді, қоғамдық көлікте және адамдар көп жиналған нысаннан кепілге алынған адамдарды босату, биологиялық қауіпті заттарды заңға қайшы қолданылу салдарын жоюды орындаудағы кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік берді, – деп атап өтті Қазақстан Республикасының терроризмге қарсы орталығының штабынан.

Жалпы терроризммен күрес жөніндегі республикалық жедел штаб басшығымен аталған өңірлік жедел штабтардың терроризмге қарсы оқу жаттығуға әзірлігі жоғары бағаланды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы елордадағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері маусымын қорытындылады

Ақмола облысы Астанада өткен өңірлік ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымын қорытындылады. Елорда тұрғындары мен қонақтарына 50-ден астам түрлі өнім ұсынылып,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика