spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
16.2 C
Kokshetau

Құс тұмауынан өліп, комиссия актісінсіз жойылған құс басына өтемақы төленбейіді – АШМ

Сондай-ақ...оқыңыз

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жоғарғы патогенді құс тұмауынан өлген құстары үшін өтемақы ретінде 75 млн теңгеге жуық қаржы алды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қазақстанда құс тұмауынан 860 306 бас қанатты өлді.

Еске салсақ, Қазақстанда жоғары патогенді құс тұмауынан еліміздің жеті облысында, яғни Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында құс өлімі тіркелген болатын. Құс тұмауынан ең көп зардап шеккен өңір – СҚО.

Министрліктің хабарлауынша, қазір жеке аулаларда құс өлімі толық тоқтаған. Соңғы 2 аптада жеке қосалқы аулаларда өлім жағдайы тіркелмеген. Қазір республика бойынша індеттен өлген құстарды жою шарасы жүргізіліп, құс иелеріне өтемақы төленіп жатыр.

«Жеке қосалқы шаруашылықтарда жоғарғы патогенді құс тұмауының салдарынан 26 547 бас, үш құс фабрикасында – 860 306 бас («Бескөл құс фабрикасы» ЖШС, «Агроинтерптица», «Адель-кус») өлді. Өлген және жойылған құстың үлесі Қазақстандағы құстардың жалпы санының 1,8%-ынан аспайды. Республика бойынша 46,7 млн құс басы тіркелген», – делінген хабарламада.

Бүгінде министрлікке бағынышты «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РММ-сі 28 864 бас құс үшін 113 млн теңгеден астам қаражат төлеген. СҚО тұрғындарына 15 693 бас құс үшін 74,5 млн теңгеден астам қаржы төленді. Бұл құс тұмауынан өлген құстар үшін арналған барлық өтемақы төлемдерінің 73%-на жуығын құрайды.

«Қазір өндірісте 1 817 бас құс үшін төлем құжаты бар. Өтемақы төлеу жұмысы құжаттардың түсуіне қарай жасалады. Ресми тіркеусіз және комиссиялық актілер жасалмай, құс тұмауынан өлген қанаттылардың өлексесі жойылған жағдайда өтемақы төленбейтінін атап өткен жөн», – деп ескертті ведомстводағылар.

Қыркүйек айында жоғары патогенді құс тұмауы әлемнің 26 елінде (459 ошақ) қайта өршіген. Ресейде 1,5 миллионнан астам құс қырылды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img