spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Қазақстанда проблемалық кредиттер саны азайды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанда 90 күннен артық төленбеген жеке тұлғалардың кредиттері бойынша мерзімі өткен берешек деңгейі төмендеді, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ресми деректер бойынша, 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жоғарыда көрсетілген тұтынушылық қарыздар бойынша азаматтардың берешек деңгейі жалпы сомасы 404 млрд теңгеге 6,2%-ды құрайды. Мұндай мәліметтерді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.

2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жеке тұлғалардың кредит деңгейі жалпы сомасы 441 млрд теңгеге 7,6%-ды құрады. 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 5,3 млн адамның банктерде қарыздары бар.

Оның ішінде:

Алматы – 25,3%
Нұр-Сұлтан – 15,4%
Шымкент – 6,3%.
Басқа өңірлер – 51,3%.

Мерзімі өткен берешектің ең көп деңгейі 500 мың теңгеге дейінгі (11%) кепілсіз тұтынушылық кредиттерге, сондай-ақ 5 млн теңгеден жоғары (66%) қарыздарға келеді.

Ағымдағы жылда тұтынушылық қарыздар бойынша берешектің орташа айлық өсу қарқыны 0,1% болды (2019 жылы – 2%). 2020 жылы 2,2 трлн теңгеге тұтынушылық кредиттер берілді. Тұтынушылық кредиттер берудің орташа айлық көлемі 2019 жылмен салыстырғанда (2019 жылы – 377 млрд теңге), 27%-ға 274,2 млрд теңгеге төмендеді.

Мәлімет үшін: 82,5% қарыз алушылардың орташа борыш сомасы 269 мың теңге болатын 1 млн теңгеге дейін сомада кепілсіз тұтынушылық кредиттері бар.  Тиісінше, қарыз алушылардың көбінде Қазақстан Республикасы бойынша орташа айлық жалақының 1,3 еселік мөлшерінен аспайтын борыш жүктемесінің қолайлы деңгейі бар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img