spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.7 C
Kokshetau

Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «Birgemiz» қорынан көмек беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

100 мыңнан астам мұқтаж отбасыға «Birgemiz» қорынан көмек беріледі. Осы мақсатқа қордан 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, біржолғы материалдық көмекке бағытталады. Елбасының тапсырмасы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен қаражат қордың шотына түсті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра Қуанышқызы

Наурыз айынан бері қор қаражатынан 550 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден алды.

Кеше Нұрсұлтан Назарбаев бүкіл ел бойынша тағы 100 мың әлеуметтік аз қамтылған отбасыға 50 мың теңге көлемінде қосымша атаулы төлемдер ұйымдастыруды тапсырды.

«Birgemiz» қорының төрағасы Руслан Сакеевтің айтуынша, 100 мыңнан астам азамат біржолғы материалдық көмекпен қамтылады. Көмек қаражатты алушылардың 7 санаты бекітілген. Олардың қатарында тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар, мұқтаж мүгедектер, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік әлсіз тобына жататын зейнеткерлер, жетім балалар (тұл жетім балалар мен асыраушысының бірінен айрылған балалар), Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектер және соларға теңестірілгендер, тыл еңбеккерлері бар.

«Көмек алушылардың тізімін бұрынғыдай әкімдер ұсынады. Бұл ретте біз бұрын көмек көрсетілмеген азаматтардың алуын қадағалаймыз», – деді қор төрағасы.

Сондай-ақ, Р.Сәкеев қазіргі таңда осы бағытта өңірлермен қарқынды жұмыс жүргізіліп жатқанын және азаматтарға біржолғы көмек жақын күндері берілетінін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, «Birgemiz» қоры осы жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын. Осы уақыт ішінде қор қаражатынан 550 мыңнан астам мұқтаж азамат 50 мың теңгеден алды. Пандемиямен күресте алдыңғы шепте болған елорда мен Алматы қаласының 2112 медицина қызметкеріне біржолғы төлем жасалды. Пандемия басталған кезеңде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы әлеуметтік әлсіз 100 мың отбасыға 5 млн маска таратылды.

Сонымен қатар, қор есебінен Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы Мырзакент ауылында 20 үйдің құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта 12 үйдің құрылысы жалғасуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img