spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.9 C
Kokshetau

Ақмола облысында коронавирусқа қарсы тегін дәрі-дәрмектер үлестірілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Қызуды басатын және антикоагулянт препараттарды короновирус инфекциясы байқалған науқастарға тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларда учаскелік дәрігерлер полимераздық тізбек реакциясының нәтижесіне қарамастан үлестіреді,- деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Бүгінде Ақмола облысында коронавирус инфекциясының таралауын болдырмау және алдын алу шаралары жүргізілуде.

Облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусинаның айтуынша, облыста 52,4 миллион теңгенің дәрілік препарттары жеткізілген.

«Бүгінгі таңда облыстың емдеу мекемелеріне тапсырыс берілген риварокс (ксарелтоның баламасы), новиган нео (ибупрофен), эликвис (апиксабан), прадакса (дабигатран) препараттар жеткізілді. Дәрілер емханалардағы дәріханаларда дәрігердің рұқсатымен беріледі», – деп түсіндірді облыстың бас санитар дәрігері.

Егер дәрігер рұқсат берген препараттар болмаса, онда науқастар «СК-Фармация» байланыс орталығы немесе 1439 (тегін қоңырау) нөміріне тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі сұрақтары бойынша хабарласуға болады.

Айталық, дәрі-дәрмек кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде берілетін болады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика