spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
8.8 C
Kokshetau

Ақкөл қаласында мемлекеттік бағдарламамен жылу желілері іске қосылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл қаласында «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылу желілерін орнату бойынша жұмыстар аяқталып, қаладағы бірнеше көп қабатты тұрғын үйлерге орталықтандырылған жылу қосылды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Жаңа орнатылған жылу жүйелері мен қазандықты аудан әкімі Алпысбай Қайыржанов аралап көрді.

«Осы жылдың маусым-қыркүйек айларында Ақкөл қаласында мердігер ұйым «Ілияс» шаруа қожалығымен ұзындығы 500 метрді құрайтын жылу желілерін тарту бойынша жұмыстар жүргізілген. Қалада қатты отын пайдаланылатын екі су жылытатын қазандықтар орнатылды. Бұл Ақкөл қаласындағы бірнеше жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан орталықтандырылған жылу мәселесін шешуге мүмкіндік берді, – дейді аудан әкімі Алпысбай Қайыржанов.

Жылу жүйелері орнату жұмыстары аудан орталығындағы 5 көп қабатты үйлерді орталықтандырылған жылумен қамтыған.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика