spot_img
Сәрсенбі, Наурыз 19, 2025
6.6 C
Kokshetau

Жәнібек Әлімханұлының кезекті қарсыласы белгілі болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы боксшы өзінің желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Жәнібек Әлімханұлының кезекті жекпе-жегі 9 қазан күні Лас-Вегастегі MGM Grand аренасында аргентиналық Гонсало Корияға қарсы өтеді.

Айта кетейік, Ж.Әлімханұлы танымал тәлімгер Джеймс «Бадди» Макгирттің жетекшілігімен Калифорнияда жаттығады. Бұған дейін ол титулдық айқасқа дайындығы туралы айтты. Сондай-ақ, қазақстандық спортшының 28 наурызға жоспарланған кезекті жекпе-жегі кейінге қалып, өтпей қалған еді.

«Өкінішке орай 28 наурызда Канадада өтетін жекпе-жек кейінге қалды. Коронавирустың салқыны біздің жекпе-жекке де тиді. Үш ай қан мен тер шығарып, қызу дайындалып, жақсы формаға кіріп едік. Мықты спаррингтер жасап, QAZAQ STYLE-ды шыңдап, шоу көрсетуге дайын болғанбыз. Бірақ Топ ренк (Top Rank Promotions компаниясы) спортшылардың денсаулығы маңызды деп шешті. Біздің ғана емес наурыз бен сәуірде өтетін бүкіл жекпе-жектер тоқтатылды», – деді Жәнібек Әлімханұлы.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Креативтілікке басымдылық

Бүгінгі таңда креативтілік өмірдің барлық салаларында сұранысқа ие. Креативті индустрияны дамыту экономиканы дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img