spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
5.6 C
Kokshetau

Көкшетауда ардагер судьяларға ескерткіш стелла орнатылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысы Көкшетау қалалық сотында судьялар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Малғаждар Көкенов пен Николай Головченкоға арналған Ескерткіш стелланың ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
М.Көкенов 1957-1978 жылдары және Н.Головченко 1978-1982 жылдары Көкшетау қалалық соты төрағасының лауазымында қызмет атқарды. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап судьялар фашизмнен босату үшін шайқас пен ұрыстарға қатысып соғысты. Жауынгерлік еңбегі мен батырлық үшін көптеген орден және медальдармен марапатталды. Соғыстан кейінгі жылдары заң білімін алып, өз еңбек жолдарын сот жүйесіне арнады.
Ақмола облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Раджаб Даминов естелік стела ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, тарихи материалдарды іздестіру жұмысындағы судья ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибәділовтың рөлін атап өтті. Р.Даминов ардагерлердің туған туыстарын естелік стеланы орнатуға жәрдемдескендері үшін және ер-ардагерлерді есте мәңгі сақтау жөнінде игілікті іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Салтанатты іс-шарада отставкадағы судья, Ақмола облысының судья ардагерлер Кеңесінің төрағасы Мейрам Ғибәділов, Қазақстан Республикасы судьялар Одағы Ақмола филиалының төрағасы Нұржан Бейбіт, М.Көкеновтың және Н.Головченконың туыстары мен жақындары, балалары сөз сөйлеп, естелік стела орнатуға бастамашыларға алғысын айтты.
Естелік стела Көкшетау қалалық соты ғимаратының жанында орнатылып, жас ұрпақты тарихты ұмытпай, ардагерлерді есте сақтап, өз өмірдің тарихында дәл сондай ізгілік істерді қалдыруға шақырады.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img