spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
7.4 C
Kokshetau

Облыс әкімі ақмолалық қарияларды қарттар күнімен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалық қарияларды Халықаралық қарттар күнімен құттықтады, – деп хабарлайды «Aqmola News».

 

«Құрметті ақмолалықтар!
Біздің аға ұрпақ өкілдерін шын жүректен Халықаралық Қарттар күнімен құттықтаймын!
Бұл – ұрпақтар сабақтастығын білдіретін ерекше мереке. Баршамызға үлгі-өнеге болып табылатын патриоттық сезімдеріңіз, төзімділіктеріңіз бен белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз үшін бәріңіз де шынайы алғысымды қабыл алыңыздар.
Сіздерге қамқорлық жасау, алаңсыз, ұзақ ғұмыр сүрулеріңіз үшін барлық қажетті жағдайды туғызу – біздің маңызды міндетіміз. Біз құрметті еңбек демалысында жүрген немесе айналасындағыларға өмірді шексіз сүюдің үлкен өнегесін көрсетіп, еңбек жолын одан әрі жалғастырып келе жатқан жандардың бәріне терең қошемет білдіреміз. Сіздерге кез-келген мәселеге немқұрайлы қарамайтындықтарыңыз үшін, жастарға берген тәлім-тәрбиелеріңіз, біздің аймақтың дамуына қосқан мол үлестеріңіз, ақыл-парасаттарыңыз және туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін мың алғыс айтсақ та көп емес.
Сіздер – біздің байлығымыз, алтын қорымыз, салт-дәстүрімізді сақтаушыларымыз және өскелең ұрпаққа лайықты жол көрсетушілеріміз екендіктеріңіз әмбеге аян. Мен жастарыңыздың егде тартқанына қарамастан, Сіздердің көңілдеріңіздің әлі жас екеніне, белсенді өмірлік ұстанымдарыңыздан ешқашан таймайтындықтарыңызға өте қуаныштымын.
Бүгінгідей мереке күні Сіздерге зор денсаулық, қызық-қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй, ұзақ өмір, отбасы жылылығы мен бар жақсылықты тілеймін!» – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img