spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
7.3 C
Kokshetau

Арменияда соғыс жағдайы жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Арменияда Карабахтағы жағдайға байланысты соғыс жағдайы жарияланып, мемлекеттің қарулы күштері бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірілді. Бұл туралы мемлекеттің Премьер-министрі Никол Пашинян Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Үкіметтің шешімімен Арменияда соғыс жағдайы орнап, мемлекеттің қарулы күштері бейбітшілік жағдайдан соғыс жағдайына көшірілді. Бұл шешім ресми түрде жарияланғаннан кейін өз күшіне енеді», – деп жазды Никол Пашинян.

Айта кету керек, Әзербайжан Қорғаныс министрлігі жексенбі күні Армения қарулы күштері Карабахтағы елді мекендерге оқ атқанын, ел азаматтарының арасында қайтыс болғандар бар екенін мәлімдеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика