spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 13, 2024
14.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында дауылды жел ұйытқиды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидромет» РМК-сы қыркүйектің 25-і күнгі ауа райы болжамын жария етті.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, қыркүйектің 25-і күні республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады. Республика бойынша кей жерлерде жауын жауып, тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысында жел күшейіп, түнде кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен, күндіз басым бөлігінде 15-20 метр жылдамдықпен жел соғып, екпіні 23-28 м/с-ке жетеді. Республиканың кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады.

Солтүстіқ Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында жел 15-25 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлеріне де тұман түседі.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз Атырау, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды. Түркістан облысында шаңды дауыл тұрады. Қызылорда облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік жүреді. Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img