spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.8 C
Kokshetau

Облыстың бас ветеринар дәрігері өңірде тіркелген құс тұмауына қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының бірқатар аудандарынан үй құстарының өлім-жітімі анықталды. Өңірдің бас ветеринар дәрігері әзірге тек Жарқайың ауданының Шойынкөл ауылынан ғана нақты құс тұмауының ошағы расталғанын мәлім етті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Дәл қазіргі облыс ветеринарларының есебі бойынша Ақмола облысында үй-құстарының 301 өлім-жітімі тіркелген.

 Соңғы деректер бойынша Жарқайың ауданында 142, Атбасар ауданында 17, Астрахан аудаында 38, Бұланды ауданында – 9, Егіндікөл ауданында – 80, Зеренді ауданында  – 50 бас үй құстары өлген. Әзірге олардың нақты қандай аурумен ауырғаны белгісіз. Қазіргі уақытта аталған аудандарда ветеринар дәрігерлер оларды тексеру жұмыстарын жүргізуде. Ауыл шаруашылығы министрлігіне  510,3 мың доза мөлшерінде екпе алуға өтінім берілген. Алдағы сәрсенбі күні екпе жеткізілетін болды. Екпе жеткізілгеннен кейін бірден үй құстарына екпе салу жүргізілетін болады. Облыс тұрғындарына үй құстарын жабайы жыл құстарымен байланысына жол бермеу, үйде қамап ұстау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қандай да бір ауру белгілері анықталса ветеринарлық аумақтық инспекция мамандарына хабарласуы қажет. Үй құстарының жабайы құстармен жақындасуына жол бермеу аса маңызды. Өйткені, құс тұмауы негізінен жыл құстарынан жұғады. Жабайы құстарды аулау, аулада құстардың қорасын тазарту, күдікті аурулармен ауырған құс етін тұтынбай, үйдегі үй құстарын күнделікті бақылап, егер қандай да бір ауру белгілері байқалған жағдайда дереу аумақтық ветеринарлық инспекция мамандарына хабарлау қажет, – дейді Ақмола облысы ветеринарлық басқарманың басшысы Базарбай Бұлашев.

Облыстың бас ветеринар дәрігері құс ұстайтын тұрғындардан аса сақ болып, қандай да бір ауру белгілерінің болғаны анықталса бірден  мал дәрігеріне жүгінуге шақырады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов: «Бізге көзбояушылық қажет емес, нақты істер қажет!»

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img