spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
9.5 C
Kokshetau

«ҚазАвтоЖол» 2024 жылға дейін ақылы болатын жолдардың тізімін жариялады

Сондай-ақ...оқыңыз

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы 2024 жылға дейін кезең-кезеңімен ақы алу жүйесі енгізілетін жолдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды»Aqmola News» Қазавтожол баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания баспасөз қызметінің мәліметінше, 2021 жылы мына учаскелер ақылы болады:

Орал – РФ шекарасы (Саратов); Қапшағай – Талдықорған; Тараз – Қайнар; Қызылорда – Шымкент – Тараз; Шымкент – Өзбекстан шекарасы; РФ шекарасы (Орынбор) – Ақтөбе – Қызылорда; Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Самара); Павлодар – РФ Шекарасы (Омбы); Нұр-Сұлтан – Қостанай – РФ шекарасы (Троицк); Ақтау – Бейнеу; Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы; Нұр-Сұлтан – Павлодар; Павлодар – Семей – Қалбатау.

2022 жылы мына жолдарға ақы алу жүйесі енгізіледі: Петропавл – РФ шекарсы (Қорған); Теміртау – Қарағанды, Қарағанды айналма жолы; Щучье – Зеренді; Таскескен – Бақты; Жетібай – Жаңаөзен.

2023 жылы ақылы болатын жолдар: Күрті – Бурылбайтал; Үшарал – Достық; Қарабұтақ – Рудный – Қостанай; Ұзынағаш – Отар. Ал 2024 жылы мына учаскелер ақылы болады: Қарағанды – Балқаш; Балқаш – Бурылбайтал; Күрті – Қапшағай; Талдықорған – Өскемен; Қалбатау – Майқапшағай; Меркі – Бурылбайтал; Атырау – Орал; Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат – Доссор; Атырау – РФ шекарасы (Астрахань); Подстепное – Федеровка – РФ шекарасы.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img