spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 1, 2024
9.8 C
Kokshetau

Ақкөл қаласында «Восточный» қазандығының аумағынан жаңа қазандық салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл қаласындағы «Восточный» қазандығының аумағынан жаңа модульді қазандықтың құрылысы қарқынды жүргізілуде. Ол аудан орталығының бірқатар әлеуметтік нысандары мен тұрғын үйлерін орталық жылу жүйесіне қосуға мүмкіндік береді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жаңа қазандықтың құрылысы аяқталғаннан кейін, Ақкөл қаласының Нұрмағамбетов, Иманов, Булавский көшелерінде орналасқан бірқатар көп қабатты тұрғын үйлер мен мемлекеттік мекемелердің ғимараттары орталықтан жылыту жүйесіне қосылатын болады.

Сонымен қатар бүгінде ескі қазандықтың ғимаратын көмір сақтауға арналған қойма және қосалқы үй-жайлар етіп қайта құру бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда.

Аудан әкімі Алпысбай Қайыржанов жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес іске асырылып жатқанын айтады.

Бұл жылу қазандығы 24 мың шаршы метр аумақты қамтып келді. Жаңа жылу беру құрылғылары іске қосылған соң 40 мың шаршы метр ғимарат жылумен қамтылады. Осылайша бірқатар әлеуметтік нысандар, көпқабатты тұрғын үйлер орталық жылу жүйесіне қосылады. Балабақша, аудандық мәдениет үйі тәрізді нысандарға ғимарат ішінде орналасқан жеке жылу қазандықтары қауіп төндіріп келді. Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі 9-шы, 10-шы үйлердегі 100 пәтер орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады,-деді аудан әкімі Алпысбай Қайыржанов журналистерге берген сұқбатында.

Естеріңізге сала кетейік, құрылыс-монтаж жұмыстары «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» аясында жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама шеңберінде жүз адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыстарды орындау мерзімі: 2020 жылғы шілде – қазан айлары. Мердігер кәсіпорын – «Камила» ЖШС. Жоба құны 816 млн. теңге.
Қазақстандағы алғашқы «Смарт қала» – Ақкөлде әлеуметтік мекемелердің терезелері, жылу жүйелері жаңғыртылуда.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img