spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
7.3 C
Kokshetau

Көкшетау ауруханаларына соңғы үлгідегі МРТ аппараттары әкелінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыс орталығына құны әрқайсысы 570 миллион теңге тұратын томография қондырғысы жеткізілді.Бұл аппараттар айдың соңында пайдаға жарайтын болады,-деп хабарлайды «Aqmola Nеws».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бұл туралы өңірдің бас дәрігері Сүлен Ілиясов мәлімдеді.

Қондырғыларды жергілікті бюджет есебінен алдық. Бірі – облыстық көпбейінді ауруханаға орнатылса, екіншісі жаңа салынған онкологиялық емханаға беріледі. Бүгінде қондырғыларды орнату жұмыстары жүргізілуде,-дейді Сүлен Илясов.

Мұндай   МРТ аппараты тек жекеменшік клиникаларда ақылы түрде қызмет көрсететін. Көкшетау ауруханаларына әкелінген соңғы үлгідегі аппараттар енді халық игілігі үшін пайдаланылмақ.

Бас дәрігер алдағы уақытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында нөмірі бірінші қалалық емханаға тағы бір магниттік-резонанстық томография қондырғысы әкелінетіндігін жеткізді.

Індеттің екінші толқынының алдын алу үшін 166 миллион теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Ол қазір арнайы қоймада сақтаулы тұр. Осылайша, өңірде дәрінің 4 айлық қоры бар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика