spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.7 C
Kokshetau

Бурабай ауданында мектептегі маска режимі бұзылғаны үшін айыппұл салынды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Бурабай ауданының мектептерінің бірінде болған маска режимінің бұзылуына қатысты заңды тұлғалар жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қыркүйектің 12-де Бурабай аудандық ПБ қызметкерлері Щучье қаласындағы мектептердің бірінде Ақмола облысының бас санитар дәрігерінің 30 тамыздағы №109 қаулысының талаптары бұзылғанын, яғни маска режимін бұза отырып, мәдени-көпшілік шара өткізілгенін анықтады.

«Осыған байланысты заңды тұлғаның үстінен ҚР ӘҚбК 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік заңбұзушылық жөнінде хаттама толтырылды. Яғни, 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылды. Айыппұл көлемі – 638 940 теңге» дейді ведомстводан.

Осы ретте тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын бас санитар дәрігердің қаулысындағы талаптарды сақтауға шақырады.

Еске сала кетсек, бұған дейін IQanat High School of Burabay мектебінде санитарлық карантин талаптарының бұзылу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру басталған болатын.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img