spot_img
Сейсенбі, Қазан 13, 2026
7.3 C
Kokshetau

15 қыркүйек күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

15 қыркүйек күні Қазақстанның басым бөлігінде найзағай, жаңбыр күтіледі. Республиканың кей жерлерінде қатты жел, дауыл, бұршақ болжанады. Еліміздің солтүстік-батысында және қиыр солтүстігінде тұман күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Aqmola News»  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, дауыл, бұршақ күтіледі, желдің екпіні күндіз 25 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерде дауыл тұрып, желдің күші 25 м/с дейін артуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде дауыл, бұршақ, күші күндіз 23 м/с дейін жететін жел болжанады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында күндіз жел 15-20, кей жерлерде 23 м/с күшейеді, кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі.

Күндіз Алматы, Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Павлодар облысының батысында жел 15-20 м/с артады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика