spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
12.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Үздік ауылдық клуб-2020» облыстық байқауына іріктеу жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында  «Үздік ауылдық клуб-2020»   облыстық байқауы жалғасуда. Қазылар алқасы Біржан сал ауданындағы мәдениет үйі мен Бурабай ауданының Шиелі ауылдық клубында болып, мәдениет ошақтарының бүгінгі келбетімен танысты,-деп хабарлайды,- «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Байқау «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында  ұйымдастырылуда.  Біржан сал ауданындағы мәдениет ошағы ауыл тұрғындары үшін бос уақыттарын дұрыс ұйымдастыра алатын, шығармашылықпен дамитын және әртүрлі үйірмелерге қатысатын орын.

Ауылдық мәдениет үйінде 6 клубтық құрылым бар: «Дәурен» вокалдық студиясы, «Алтынай» вокалдық тобы, «Гүлдер-ай» би тобы, «Әзілқой» драма тобы, «Сыйлық» үйірмесі, «Ару Қыздар» би ансамблі). Шығармашылық топтар аудандық мәдени іс-шарлардың беленді қатысушылары.

 

Сонымен қатар қазылар алқасы Бурабай ауданының Шиелі ауылдық клубында болды.

Ауылдық клубта 4 клубтық құрылым (би, вокал, қолөнершілер, шахмат үйірмелері және т.б.) жұмыс істейді. Оларды тек үйірмеге қатысуымен шектемей, бойындағы талантты ашып, түрлі шараларға қатыстыру да көзделген.

2017 жылы «Сәулем-ай» әжелер вокалдық тобы құрылып, ауылдық клубында өткізілетін мәдени іс-шараларға үздіксіз қатысып, ұлттық салт-дәстүрді   жандандырып келеді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img