spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 13, 2026
12.9 C
Kokshetau

Зеренді ауданында заманауи жылыту қазандықтары пайда болады

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданындағы білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет ошақтары жылу беру маусымына сақадай сай. Ауданда барлық жылыту жүйелерін жаңғырту жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Бұл осы аймаққа жасалған пресс-тур кезінде мәлім болды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Қазіргі уақытта Зерендінің орталық жылу қазандығында жөндеу жүргізілуде. Аудандық аурухана қазандығында да суды қыздыруға арналған экономайзер құрылғысы орнатылуда. Аудан әкімі Бауыржан Ғайса барлығы уақытында аяқталатынын жеткізді .

«Жылыту маусымына тұрғын үй қорлары да әзірленуде. Үйлер әзірлік құжаттарын алуда. Биыл нақты позиция бекітіліп, оған сәйкес бұл құжатсыз көп қабатты үйлер жылуға қосылмайтын болды», –  дейді аудан әкімі Бауржан Гайса.

Өңірде жылу көздерінің жетіспеушілі аса өткір тұр. Осыған байланысты көптеген жекеменшік шаруашылықтар тұрғын үй құрылысына рұқсат ала алмай отыр.

«Бізге қазандықтың қуатын арттыру үшін блок-модульды қазандық құрылысы ауадай қажет. Біз конкурс ұйымдастырып, жеңімпаз да анықталған. Ол «Титан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Келісімшарт жасауды жоспарлап отырмыз. Жоба құны 850 миллион теңгені құрады. 20 Гкал заманауи қазандығында көмір өздігінен салынып, күлі жойылып отырады. Барлық жұмыс автоматтандырылған. Осындай 6 жылу қазандығын орнатуды көздеп отырмыз, – дейді Зеренді ауданының әкімі .

Аудан әкімі жаңа жылу қазандығының үлкен шығындарды азайтатынына сенімді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы өткізілді

«Туған елдің тазалығы – елдің абыройы» экологиялық акциясы: таза болашаққа қадам. Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылындағы Восточная көшесі бойында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика