spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 17, 2026
13.7 C
Kokshetau

Аршалы ауданында жаңа құрама жем зауыты іске қосылады

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының Аршалы ауданында құрама жем зауыты іске қосылмақ. Жаңа өндіріс орны толығымен ішкі нарықты қамтамасыз етуге бағытталған – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Бұл туралы Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы мәлім етті.
Аршалы ауданында жүзеге асырылып жатқан құрама жем зауыты инвестициялық жобасының құрылысы аяқталуға таяу. Зауыт жылына 28 мың тоннаға дейін өнім өндірмек. 370 миллион теңгеден астам инвестиция салынған жоба бойынша 15 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған.
Құрама жем зауытында қолданылған заманауи технологиялар сапалы және қауіпсіз өнім алуға мүмкіндік береді. Жоба толығымен ішкі нарықты қамтамасыз етіп, импорттық өнімдерді алмастыруға бағытталған. Құрама жем өндірісінде арпа, сұлы, кебек және басқа да арнайы қоспалар пайдаланылмақ, – дейді Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов.
Қазіргі уақытта нысан салынып, құрал-жабдықтарына монтаждау жұмыстары жүргізілген. Зауытты қазан айында іске қосу көзделіп отыр.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылтай – елдік ой мен қоғамдық жауапкершіліктің жаңа белесі

Қазақ халқының тарихи жадында «Құрылтай» ұғымының орны айрықша. Ежелгі дәуірлерден бастау алатын бұл атау ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика