spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Ресейде коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы айналымға шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы азаматтық айналымға шығарылды.

Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің айтуынша, дәрі-дәрмекті жақын арада Ресей өңірлеріне жеткізу көзделіп отыр.

«Жаңа коронавирустық инфекцияның алдын алуға арналған вакцинаның алғашқы партиясы – «Гам-Ковид-Вак» (Спутник V) қажетті сапа сынақтарынан өтіп, азаматтық айналымға шығарылды», – делінген хабарламада.

Сынақтар Ресейдің Денсаулық сақтауды қадағалау қызметінің зертханаларында жүргізілген. Вакцинаны Гамалея атындағы ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы жасаған.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Михаил Мурашко: «Бұл кезеңдегі азаматтық айналым – тәуекел тобындағы тұрғындарды, атап айтқанда, мұғалімдер мен дәрігерлерді вакциналау. Ол тіркеуден кейінгі клиникалық зерттеулермен қатар жүргізіледі», – деп түсіндірген болатын.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img