spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
6.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында жас жігіт өз әжесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жантүршігерлік қылмыс орын алды. 87 жастағы кеюана өлімі талайды көрген тәртіп сақшыларының да төбесінен жай түсіргендей болған. Полиция қызметкерлері өз әжесін аюандықпен ұрып өлтірді деген күдікпен жиырма жеті жастағы жігітті ұстады, – деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

87 жастағы кеюана ауыр дене жарақаттарынан көз жұмған.

Осы жылдың 7 қыркүйегінде Ақмола облысының Целиноград аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне Нұресіл ауылының 27 жастағы тұрғыны өз үйінен 87 жастағы туған әжесінің мәйіті табылғанын хабарлаған телефон хабарламасы түседі.

Оқиға орнына дереу келіп жеткен тәртіп сақшылары қарияның ұзақ уақыт бойы маскүнемдікке салынған немересімен бір үйде тұрып жатқанын анықтады. Сот-медициналық сараптамасының қорытындыларына сәйкес кеюананың өлімі ауыр дене жарақаттарының салдарынан болғаны белгілі болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Қылмыстық оқиға бойынша барлық фактілер зерттелу үстінде, – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Қанды қылмыстың бетін ашу үшін арнайы жедел топ құрылып, оған қылмыстық жедел іздестіру топтары мен тергеу жұмыстарында ұзақ жылдар қызмет атқарған тәжірибелі полиция қызметкерлері кірген.

Тергеу амалдарын жүргізу барысында полицияға арыз берген қарияның немересінің өзі әжесін өлтірген деген айып тағылып, күдікті ретінде қамауға алынды. 27 жастағы жігіт осыған дейін де алаяқтық, тонау және озбырлық қылмыстары үшін бірнеше мәрте жауапкершілікке тартылған. Марқұм кеюананың немересіне қатысты полицейлер қылмыстық кодексінің 99 «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін бастады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img