spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
9.1 C
Kokshetau

Ақмола облысы прокуратурасы алаяқтардан абай болуды ескертеді

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысы прокуратурасы интернет алаяқтарға алданғандардың көбейіп кетуіне байланысты облыс тұрғындарына ескертпе үндеу жариялады,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Құрметті Ақмолалықтар!
Коронавирустық пандемияға қарсы дүниежүзілік күрес және шектеу шаралары аясында көптеген азаматтар сатып алуларды интернет арқылы жүзеге асыруға мәжбүр. Мұны интернет-алаяқтар пайдаланып, азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін сәтті игеруде. Азаматтардың сенімдеріне кіріп, жылдам табыс табуға уәде бере отырып, ақпараттық желілердің көмегімен олардың ақшалай қаражаттарын алуда. Сонымен қатар, қаскүнемдердің көптеген тәсілдері бар, оның ішінде интернет кеңістігінде де, әлеуметтік желілерде де, мессенджерлерде де. Әдетте, егер алаяқ ақшаны қолына түсірсе, оны табу қиынға соғады. Осыған байланысты, азаматтарға сақ болуға және жеке ақпаратпен бөліспеу қажеттігі туралы қатаң кеңес береміз. Күдікті СМС немесе қоңыраулар түскен жағдайда, дереу 102 нөміріне полиция органдарына хабарласып, бір мезгілде банктегі өз шоттары мен кредиттік тарихын тексеру қажет. Ақмола облысының прокуратурасы азаматтарды ескертеді және жаднамаларда көрсетілген қарапайым қағидаларды ұстануға кеңес береді.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img