spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
1.7 C
Kokshetau

Бұланды ауданында май зауыты салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының Бұланды ауданында өсімдік майын шығаратын зауыттың құрылысы жүріп жатыр. Өндіріс орны толық өндірістік циклде жұмыс істейтін болады, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Аудан орталығы Макинск қаласында орналасқан жаңа кәсіпорын жобасы «Бота-2015» компаниясымен жүзеге асырылуда. Экстрактілі май өндіретін өндіріс орны соя, күнбағыс және рапс майын өңдеп, жылына 198 мың тоннаға дейін өнім өндіруді көздеп отыр.
Инвестициялық жобаның құны 4 миллиард теңгені құрады.  Кәсіпорын толық өндірістік циклде жұмыс істейді. Бүгінде зауыттың құрылысында монтаждау жұмыстары аяқталуға таяп, арнайы жабдықтары жеткізілді. Осы жылдың соңына дейін іске қосылады, – дейді Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Ербол Оспанов.
Жобаны жүзеге асыру нарықты отандық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ зауыт басшылығы өсімдік майын экспортқа шығаруды жоспарлаған.Жоба толық қуатына көшсе 80 жаңа жұмыс орны құрылмақ.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img