spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
5.2 C
Kokshetau

Отбасы күніне арналған онлайн-фото байқауына қатысыңыз!

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 13 қыркүйекте атап өтілетін еліміздегі Отбасы күніне орай, онлайн-фото байқауы басталды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Instagram әлеуметтік желісіндегі @kgumrc.aqmola парақшасында Ақмола облысының отбасылары арасында онлайн-фотобайқауы іске қосылды.

Фото-сайысқа қатысу үшін Сізге, mrc_akmola@mail.ru электрондық поштаға жақсы сападағы түпнұсқа отбасылық фотосуретті (студиялық фотосуреттер құпталады), сондай-ақ, сіз және сіздің отбасыңыз туралы ақпаратты (өтініш берушінің аты-жөні,сіздің отбасыңыз туралы қысқаша ақпарат,мекен-жайы және байланыс деректері) жіберуіңізді сұраймыз,-делінген хабарламада.

Байқау жеңімпаздары дауыс беру арқылы анықталатын болады. Әр қатысушы үшін фотосуреті мен қысқаша сипаттамасы бар жеке пост жарияланып, ең көп лайк жинаған үш қатысушы жеңімпаз атанады (боттармен орау есептелмейді).

Жеңімпаздар дипломдармен және өте құнды сыйлықтармен марапатталады. Жеңімпаздар туралы мәлімет  қыркүйек айының 13 күні тікелей эфирде жарияланады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img