spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.7 C
Kokshetau

4 қыркүйек күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

4 қыркүйек күні республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында ауа райы құбылмалы болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстікте және орталықта тұман түседі. Кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды  «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында, күндіз Алматы облысында, таңертең және күндіз Қызылорда облысының бірқатар өңірінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Павлодар облысында екпіні 25 м/с болады, Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан облысының кей жерлеріндеде шаңды дауыл тұрады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде, Атырау, Алматы облысының батысында, Түркістан облысының шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img