spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.5 C
Kokshetau

Мемлекет Басшысының Жолдауы елдің табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр-Ардақ Ержанова

Сондай-ақ...оқыңыз

Парламент Палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауын мұқият тыңдадым.
Бүкіл әлемді дүркіреткен пандемиялық дағдарыс және одан кейінгі даму мақсаттары жіпке тізілген моншақтай айқын айтылды.
Күрделі жағдайда алдымызда тұрған басты міндет – экономикалық және әлеуметтік мәселелерді қалыптастыру жолдары.
Президентіміз мемлекет тарапынан адам капиталын дамыту үшін жаппай білім беруді қолдап, жалпыға қол жетімді білікті – сапалы медициналық көмек көрсетуді арттыру мақсатында «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» бөліміндегі медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етілуін жеке тоқтап атап өтті.
Бұл жерде халықтың денсаулығына байланысты, әсіресе, ана мен сәби өлімінің көрсеткіші елемізде төмендесе де дамыған елдердің деңгейінен айтарлықтай көп екенін ашық айтты.
Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады.

«Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды»-деді Президент.

Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңге бөлінетіні айтылды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.
Жоғарғы көрсеткіш емес, ортақ нәтежие! – дегендей кешегі күні, Ақмола облысындағы медицина мамандарының тапшылығы қиын қыстау кезеңде буынға пышақ сұққандай, орыны ойылып көрінді.

Сол коронавирус індеті кезінде қателесуге құқымыз жоқтығын көрсетіп Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің медицина факультеті балауса – жас болса да, қатардан шет қалмай жауапкершілігі мен саналығын көрсетіп студенттер мен профессорлық оқытушылар құрамы провизорлық орталықтарға қол ұшын беріп, көмегін тигізді.
Үкімет әр өңір бойынша медицинадағы нақты дерттер топтамасы жөнінде басымдықтар тізімін жасап, соның негізінде бюджеттен қаржы бөлінуі қажет!- делінді.   Аймақтағы дәрігер тапшылығын облыс және аудан әкімшіліктері де терең көзқараспен бағалап, жастарға жол ашып, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің медицина факультетінің студенттеріне жылына 50-75 грант бөліп, шәкіртақы төленуін қолға алған.
Мемлекет Басшысының Жолдауы негізінен елдің табысын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр.
Факультеттің материалдық- техникалық базасы да халықтың тұрмыс сапасының жақсаруына жасалып жатқан іс екенін көрсетіп, болашаққа деген жас студенттердің сенімін арттырып университет әкімшілінің қолдауымен жылдан – жылға заманауй талаппен нығайып келеді.
Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы да еліміздің экономикалық дамуына әсер етеді. Бұл жақсылықтың нышаны деп ойлаймын. Аталған Жолдауда экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту сияқты еліміз үшін маңызды бастамалар халқымыздың бірігіп, білімді, салауатты, санасының еркін дамуына жасалып жатқан жаңа, таза, ақ жол деп түсінемін.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің стратегиялық бағытымыз – айқын. Түйткілді тұстарымыз бен кемшіліктерімізді өзіміз жақсы білеміз. Бүгін мен бүкіл қоғам алдында дағдарыс жағдайында атқарылатын іс-шаралардың жоспарын баяндадым. Оның жемісті жүзеге асуы әрқайсымызға байланысты. – деп ерекше көңілге жеткізіліп айтылды.
Бұл – мен үшін, болашақ ұрпақ үшін өте маңызды, «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын!- көптен күткен, «Жаңа тарихи кезеңнің басы»- деп сенемін!!!

Ардақ Ержанова,

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің медицина факультетінің оқытушысы.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img