spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
9.8 C
Kokshetau

Ақмола облысы бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысының аумағында карантин шектеулерін біртіндеп жұмсарту туралы облыс бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулы 30 тамыз 00:00-ден бастап күшіне енді, – деп хабарлайды «Aqmola News» тілшісі. 
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 
Бас санитар дәрігер Айнагүл Мусинаның қаулысына сәйкес облыс аумағында қалалық, қоғамдық жағажайлардың қызметін уақытша тоқтату сақталынады.
Ұжымдық шараларды өткізусіз бекітілген талаптарды сақтанған жағдайда діни нысандардың қызметіне жұмыс күндері рұқсат етіледі.
Қала маңына жүретін жолаушылар пойыздары, қала және облыс аралық автобустар мен шағын автобус қатынасына рұқсат етіледі.   Музей, кітапхана сияқты мәдени нысандарға, балалар кабинеттерінің жұмыстарына рұқсат етілді.
Сондай-ақ, санитарлық нормаларға сәйкес келетіні туралы актісі болған жағдайда қоғамдық монша және сауналардың , жаттығу залдары мен спорт кешендеріне (5 адамнан аспауы тиіс) жұмысын жалғастыруға рұқсат беріледі.
5 адамнан 180 адамға дейінгі контингенті бар жалпы білім беретін орта мектептерге, әрбір сыныпқа 15 оқушыдан асырмай, жұмыс істеуіне рұқсат етіледі.
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы, «Бөбек» білім беру және сауықтыру орталығына санитарлық жағдайларды ескере отырып қызметіне рұқсат етілді. Қашықтан өткізу мүмкін болмаған жағдайда жиналыс өткізуге рұқсат етілді.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img