spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 6, 2024
13.2 C
Kokshetau

Жақсы ауданы егін орағы науқанына қызу кірісті

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақсы ауданында егін орағы науқаны жалғасуда. Биыл ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері  400 мың гектардан астам аумаққа дәнді және бұршақ дақылдарын екті, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жақсы ауданы әкімдігінің мәліметінше бүгінде 691 комбайн астық ору науқанына сақадай сай. Оның ішінде 159 комбайн Джондир, Кейс, Класс  сияқты шетелдік техникалар болып отыр. Мұнымен қоса 220 астық ору жаткалары бар. Ал, астықты тиеу және түсіруге 550 бірлік тракторлар, 541 жүк машиналары мен 563 трактор тіркемелері жұмылдырылмақ.

Биыл Жақсы ауданында 448,4 мың гектар алқапқа егін себілген. Оның ішінде 376,6 мың гектарға бидай, 67 мың гектарға мал азығы, 1,8 мың гектар бұршақ және 10,2 мың гектар майлы дақылдар егілді. Толыққанды өнім алу үшін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үлкен агротехникалық, агрохимиялық, ылғалды жабу химиялық тәсілдермен түрлі зиянкестерді жою сияқты жұмыстарды орындады. Мемлекет ауыл шаруашылығына  үлкен қолдау білдіріп келеді.  Жыл сайын мемлекеттік бағдарламалармен тұқым, пестицидтер, минералды тыңайтқыштар, көктемгі егіс жұмыстарына жеңілдікпен жанармай берілетін субсидияларға қатысады, – дейді аудан әкімі.

Бітік шыққан егінді шашау шығармай жинап алу үшін техника  мен  жұмыс күшінің, қырман мен астықты құрғату аппараттарының әзірлігі пысықталған.   

Аудандағы іргелі  ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің бірі «Қаражон» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі  25 мың гектарға егін еккен. Бүгінге дейін 4 мың гектар  егістік алқап орып алынды. 

Өкінішке орай күзгі жауын-шашын толық қарқында  жұмыс істеуге кедергісін келтіріп тұр. Шаруашылықта 12 астық ору комбайны   егін оруда.  Сондай-ақ, астықты тиеу және тасымалдау да жолға қойылған. Астық ылғалды болғандықтан оны құрғату аппаратынан өткізіп, бірден элеваторға жөнелтеміз, – дейді шаруашылық басшысы Ұзақбай Тастанбекұлы. 

Жақсы ауданындағы  диқан  қауымы егер ауа райы жағдайы дұрыс болса бір ай ішінде орақ науқанын аяқтауды көздеп отыр.
Для своевременного и каче

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Күндіз де барлаудан «тіл» әкелген Анатолий Комяков

Отты жылдардың жаңғырын көзбен көрген соғыс ардагерлерінің қатары жыл озған сайын азайып, мүлдем сиреп қалды.  Бүгінде облысымызда сол сұрапыл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img