spot_img
Сенбі, Тамыз 22, 2026
22.2 C
Kokshetau

Әлем: Италияда коронавирусқа қарсы вакцина алғаш рет адамға егілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Италияда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға егіліп, сынақтан өткізілуде, деп хабарлайды Aqmola News Coronavirus.kz -ке сілтеме жасап.

Италияда алғаш рет ерікті әйелге Рим қаласының инфекциялық ауруханасында коронавирусқа қарсы екпе егілді.

Ерікті әйел қауіпті вирусқа қарсы вакцина алған елдегі алғашқы адам екендігіне мақтанатындығын жеткізген.

Вакцинаны Италияның биотехнологиялық фирмасы шығарған.

«Бүгін зерттеудің жаңа тарихи кезеңі басталды және бұл жобаның ілгерлеуіне мемлекет қаржылай көмек көрсетті», – деді Лацио губернаторы Никола Зингаретти.

Зерттеу өткізіліп жатқан инфекциялық аурухананың дәрігерлері вакцина келесі жылдың көктемінде пайдалануға дайын болады дейді.

Ал Италияның Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанц ғалымдар алға қойылған міндетті орындай алды деген пікір білдірді.

Еске салсақ, маусым айында Нидерланды, Италия, Германия және Франция коронавирустан вакцина жасау үшін альянс құрды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп жаңарды

Зеренді ауданындағы Ивановка ауылында 60 жылға жуық тарихы бар мектеп күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды. Жаңарған білім ордасы енді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика