spot_img
Сәрсенбі, Қазан 14, 2026
10.1 C
Kokshetau

Әлеуметтік төлемге өтініш қабылдау 1 қыркүйекке дейін жалғасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Біржолғы төлем алған қазақстандықтарға карантиннің ұзартылуына байланысты қосымша ақы автоматты түрде тағайындалады. Ал өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады, деп хабарлайды Aqmola News Sputnik.kz-ке сілтеме жасап

Қазақстанда карантин шаралары енгізілуіне байланысты табысынан айырылғаны үшін 2 миллион 376,8 мың адам 42 500 теңгеден әлеуметтік төлем алды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

«Шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 миллион 589 мыңнан астам өтініш қабылданды. Ал төлем мөлшері ең төменгі жалақы – 42 500 теңгеге тең», – делінген хабарламада.

Толық төлемді 2 миллион 376,8 мың қазақстандық алса, тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 теңге мөлшерінде қосымша ақыны 2 миллион 368,2 мың адамның шотына аударылған. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасуда.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. Атап айтқанда:

– 834,5 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 679,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 410,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 664,5 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,4 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

1 800 шақырым, 59 ауыл, 5 мың жас: «Таза Qazaqstan» эстафетасы Ақмоладан басталды

Бірі жол жиегіндегі қоқысты жинаса, енді бірі ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдап, тарихи орындарды вандализмнен қорғауға атсалысады.Бүгін 5 мыңға жуық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика