spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
15.2 C
Kokshetau

12 жастан асқан балалар маска тағып жүрулері қажет

Сондай-ақ...оқыңыз

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 12 жастан асқан балалар мен ересектер міндетті түрде маска тағып жүруі керек екендігін жариялады, деп хабарлайды Aqmola News ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап

Дүниежүзілік ұйым жеткіншектерде де вирусты жұқтыру және тарату ықтималдығы жоғары екендігін ескертеді. Джон Хопкинс университетінің дерегінше, қазіргі кезде әлемде коронавирус жұқтырғандар 23 миллион адамнан асқан.

Олардың көпшілігі АҚШ, Бразилия, Үндістанда тіркелген. Алайда Оңтүстік Корея, Еуропа елдері және Ливан сияқты басқа елдерде де қауіпті вирусты жұқтырған адамдар саны көбейген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының маска тағып жүруге қатысты кеңестерімен мына жерден танысуға болады.

Еске сала кетсек, 30 шілдеден бастап қазақстандықтар көшеде маска тағып жүруге міндеттелді. Бұл туралы елдің Бас санитарлық мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысында айтылған. Кейіннен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұл ереже тек ересектерге ғана емес, балаларға да қатысты екенін түсіндірді. Сонымен қатар, ол жеке қорғаныс құралдарын барлық қоғамдық орындарда, соның ішінде дәмханаларжа, спортпен шұғылдану кезінде және басқаларында кию керек екенін айтқан болатын. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен елімізде 5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпай жүруге рұқсат берілді.

 

8

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img