spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
30.8 C
Kokshetau

13 жасар жасөспірім жоғалып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 13 жасар жасөспірім Әйгерім Еркінқызы Хайдароваға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Aqmola News  ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 21 тамызда Көкшетау қалалық ПБ кезекшілік бөліміне жоғалған қыздың анасы жүгініп көмек сұрған. Әйгерім 20 тамызда сағат 15:00 шамасында қызы Нұрлы көш ауылында тұратын үйден шығып, шаштаразға кеткен. Содан қайтып оралмаған, ұялы телефоны өшірулі, қайда жүргені белгісіз. Әйгерім Хайдарова 2007 жылы туған. Бойы 156-160 см, дене бітім арықша келген. Үстіне күләпарасы бар күміс түсті күртке (суретте), қара түсті күртеше, көк түсті джинсы, ақ түсті спорттық аяқкиім (кроссовка) киген. Полиция жоғалған жасөспірімнің жүрген жері туралы қандай да бір мәліметті білетін адамдар болса, «102» арнайы желісіне хабарласуды сұрайды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика