spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.6 C
Kokshetau

Білім: Министр Асхат Аймағамбетов мектептерде «әліппенің» қай кезден бастап оқытылатынын айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бірінші сынып оқушылары оқу жылының бастапқы екі тоқсанында «Әліппе», ал 3-4 тоқсанда «Ана тілі» пәнін оқиды, деп хабарлайды Aqmola News  Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап

Министр биыл мемлекеттік стандартқа өзгеріс енгізілгенін атап өтті.

«Осы өзгерістің аясында бірінші сынып оқушылары 1-2 тоқсанда «Әліппе», ал 3-4 тоқсанда «Ана тілін» оқиды. Бүгінгі күні біз осы бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір оқулықтарды, бағдарламаны дайындау үстіндеміз. Келесі жылы осы оқулықтар мен бағдарламалар барлық 7 мың мектепте қолданылады», – деді Аймағамбетов республикалық тамыз конференциясында.

Сонымен қатар, ведомство басшысы оқулықтардың сапасына да тоқталды.

Айтуынша, оқулық дайындаудың жаңа жүйесі енгізіледі.

«Біздің оқулықтарда өте көп кемшілік барын мойындауымыз керек. Толықтай алғанда оқулық дайындау жүйесінің өзі жетілмеген. Бұл тек баспаның, автордың немесе қандай да бір топтың кінәсі деп айтуға болмайды. Бұл жерде барлық процесті қайта бағдарлау және жаңғырту жайында сөз болып отыр», – деді министр.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img