spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Зеренді: көпбалалы ана ауылда кәсібін дөңгелетуде

Сондай-ақ...оқыңыз

 Зеренді ауданына қарасты Көктерек ауылының тұрғыны Дәмеш Өмірова жолдасы екеуі мемлекеттен несие алып, мал басын көбейтіп отыр, деп хабарлайды Aqmola News.

Дана халқымыз «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» деп текке айтпаған. Күнде Дәмеш пен отағасы Мейрам, балалары таңмен таласа тұрып, отбасылық кәсіпке кіріседі. Сиыр, бие сауып, дастарханын ақпен толтырған Дәмештің ептілігіне ауылдастары сүйсіне қарайды.

Қазір Көктеректе ғана емес, Зерендіде, Көкшетауда, сонау Павлодар,  Нұр-Сұлтан қалаларында да «Дәмештің қымызын-ай, сары майы мен ірімшігінің дәмін-ай» деп көктеректік көпбалалы ананың қолымен жасалған сүт өнімдерін сүйіп жейтін жандардың қатары көп. Мұны әңгіме барысында кейіпкеріміздің: «Адамдар күн сайын әр жерлерден келіп,  бірнеше келі май, ірімшік, қаймақ сатып алып жатады», – деген сөзінен анық аңғарғандай болдық.

–Жолдасым Мейрам «Бастау-Бизнес» бағдарламасымен несие алды. Қазір мал басын көбейтумен айналысуда. Сонымен қатар,  ауылда жылқы бағады. Бағдарлама аясында бизнес негіздеріне қысқа мерзімдік курстан өтті. Ал, маған өткен жылы көпбалалы ана ретінде мемлекет тарапынан сүт жабдықтарын сатып алуға 505 мың теңге көлемінде грант бөлінді. Сол ақшаға мұздатқыш камера, май былғайтын құрал, сепаратор, сауу апаратын, тағы басқа құрал-жабдықтарды сатып алдым. Күн сайын он үш сиыр сауамын. Сүтті тапсырмаймыз. Өзіміз сепаратордан өткіземіз. Жолдасым, балаларым көмектеседі. Біздің үйде ешкім құр бос отырмайды. Ауылдың тірлігі сондай. Өмірге құлшынған адамға ауылда жұмыс табылады, – дейді Дәмеш Өмірова.

Ауылда тұрып, кәсіп көзін таба білген отбасының шағын бақшасы да бар. Оны жаз бойы баптап, күзде ырысын жинап алады. Биыл көпбалалы ана бақшаға кортоп қана емес, сәбіз, пияз, қияр, қызанақ, тіпті шалғамға дейін егіпті. Есесіне, көкөністі дүкеннен сатып алмайды. Бәрі бақшасынан табылады.

Осы арада айта кететін бір жай, кейіпкерімізді ауылдағы ауыз су мәселесі толғандырады. Аудандық әкімдік үстіміздегі жылы ауданға қатынайтын жолды жөндеуге уәде беріпті. Енді, тек ауыз су мәселесі шешілсе, жақсы болар еді деген көпбалалы ана мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларға көрсетіліп жатқан көмек-қолдауға дән риза екенін жеткізді.

Венера ТАЛҒАТҚЫЗЫ. 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img