spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмолада кәсіпкерлік нысандарының жұмысы қайта жанданды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында бүгіннен бастап жеке кәсіпкерлер жұмысы қайта жанданды. Облыстық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қандай санитарлық талаптар бекітілгені жөнінде бас санитар дәрігер өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті, -деп хабарлайды «Aqmola News». 

Айнагүл Мусинаның айтуынша 17 тамыздан бастап балалар және жасөспірімдерге арналған білім беру орталықтары, балалар түзету кабинеттері, сән салондары, шаштараздар мен косметологиялық қызмет көрсету орындары жұмыстарына кіріседі.

«Аталған нысандар барлық санитарлық талаптар мен арақашықтықты сақтай отырып, шамамен 50 пайыздан аспайтындай болуы тиіс. Бір адамға кемінде төрт шаршы метрдей орын болуы керек, – деді спикер.

Қоғамдық моншалар мен сауналар бассейнсіз жұмыс істей алады. Үйірмелер мен секциялар өткізілетін фитнес орталықтар, жаттығу залдары мен спорт кешендері жартылай ғана жүктемемен жұмыс істеп, бір келушіге кемінде бес шаршы метр орын болуы тиіс.

«Жабық базарлар, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендер ашылады. Олардың жұмысы да 50 пайыздық толымдылықта болып, бір адамға кемінде төрт шаршы метр орын болуы тиіс, – деп толықтырды Айнагүл Мусина.

Сауда және ойын-сауық орталықтарында тек сауда бутиктері ғана жұмысы жаңартылады. Яғни, балалар бөлмелері, фудкорттар жұмысына әзірге тыйым салынады. Толымдылығы тек отыз пайызда болуы қажет. Ашық аспан астындағы аттракциондар қызметіне рұқсат етіледі.

«Өз қызметін жалғастыратын барлық нысандар infoKazakhstan сайты арқылы электронды нұсқада санитарлық нормаға сәйкестік актілерін алуы тиіс, – деп қорытындылады спикер.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img